389,65 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ескерту: Сырдарияның суы көтеріліп, алқапқа жайылуы мүмкін

  • 895
  • UPD: 18:18, 05.01.2019
Ескерту: Сырдарияның суы көтеріліп, алқапқа жайылуы мүмкін inform.kz

Қызылорда облысы Сырдария өзеніндегі су деңгейінің көтерілу қаупіне байланысты өңірде ескерту жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап.

6-8 қаңтар аралығында Сырдария өзеніндегі мұз құбылыстарының құбылмалылығына байланысты өзен арнасы ысылып, су деңгейі көтерілуі ықтимал. Осылайша, өзен суы алқапқа жайылуы мүмкін.

Сондай-ақ, осы күндері Қызылорда облысында күн жылынады, осыған орай жазық жерлерде еріген қар суы пайда болуы мүмкін.

Хабар 24 телеарнасы