428,35 499,00 5.47
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматы облысында жаңа тау-шаңғы базасы ашылды

  • 2546
  • UPD: 22:27, 05.01.2019

Алматы облысы Талғар ауданында курортты тау-шаңғы базасы ашылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Салтанатты рәсімге облыс әкімі Амандық Баталов барып қатысты. Жалпы аумағы 50 гектар жерді алып жатқан бұл базада бірнеше шаңғы жолдары бар. Демалыс орнында кәсіпқойлармен қатар әуесқой сырғанаушылар үшін де барлық жағдай қарастырылған. Жаңадан келгендерді шаңғы тебуге үйрететін арнайы орталықтары жұмыс істейді. Алатау бөктерінде орналасқан алып кешенге Талғар күрежолының бойынан автобустар қатынайды. Теңіз деңгейінен 1820 метр биіктікте орналасқан шаңғы базасының трассасы 13 шақырым. Курортты база тәулігіне 5 мыңнан аса адамға қызмет көрсете алады. Демалушылардың тамақтануына және барлық спорттық жабдықтарды жалға алуына болады. Бұл орталық болашақта тек Қазақстан ғана емес, әлемнің әр бұрышынан туристер көптеп келетін үлкен орталыққа айналады деген үміт бар.

Амандық Баталов, Алматы облысының әкімі:

- Алматы облысының осы жылғы мүмкіндігі мен туристерді қабылдауы аяқталды. 2 миллионнан астам туристер келіп кетті. Ішкі туризмде шетелден келген туристер. Олар өздеріңіз білесіздер, Шарын каньоны бар, Көлсай көлі бар. Енді Алматы облысында керемет таңқалатын жерлер көп қой. Соның санын біз осындай туристік орталықтардың арқасында 4 миллионан астам жасаймыз деген жоспарымыз бар.

Хабар 24 телеарнасы