419,54 511.30 5.71
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Рождество мерекесінде шіркеулерге келгендер саны мыңнан асты

  • 1205
  • UPD: 14:56, 07.01.2019

Қаңтардың 6-ынан 7-іне қараған түні қазақстандық православтар Рождество мерекесін қарсы алды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Астана және Қазақстан митрополиті Александр Алматыдағы Софийск кафедралды соборында мерекелік салтанатты рәсім жасады. Қазақстанда 7 қаңтар 10 жылдан бері ресми демалыс болып саналады. Рождество мерекесінде шіркеулерге келгендердің саны мыңнан асты.

Евгений Иванов, Алматы епархиясының баспасөз хатшысы:

- Бұл күні көмекке зәру, қиналып жүрген жандарды еске алу қажет. Жақыныңа сыйлық жасап, мерекелік көңіл-күй сыйлау да бұл күннің маңызын арттыра түседі.

Хабар 24 телеарнасы