384,36 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматылық жастарға биыл бірқатар жеңілдік жасалады

  • 949
Алматылық жастарға биыл бірқатар жеңілдік жасалады

Алматы облысының жастарына биыл бірқатар жеңілдік жасалатын болды.

Атап айтар болсақ, жастар жылында «Жетісу жастары» атты өңірлік тұрғын үй бағдарламасы жүзеге аса бастайды. Оны «7-20-25» ипотекалық бағдарламасының аясында іске асыру көзделіп отыр. Мәселен, аталған бағдарлама бойынша баспаналы болғысы келетін көптеген жас отбасының алғашқы жарнаны төлеуге мүмкіншілігі жоқ. Жергілікті атқарушы билік пен Алматы облыстық жастар ресурстық орталығы бұл мәселені субсидиялау жолымен шешуді ұсынды. Демек, банкке алғашқы жарна құю үшін жастарға қаржылай қолдау көрсетіледі. Ол өз кезегінде тапқан табысын жалдамалы пәтерге шығындап, әркімнің табалдырығын бір тоздырып жүрген жас отбасылардың басыбайлы баспанасы болуына оң әсер етеді. Сонымен қатар олардың кәсіпкерлік бастамаларын қолдауға қомақты грант бөлінеді. Жетісу жерінде өткен жылы жастар саясатын жүзеге асыруға 565 миллион теңгеден астам қаржы қаралып, игерілген.

Дәурен Нұртаев, облыстық жастар ресурстық орталығының бөлім басшысы:

– Біз жергілікті атқарушы билікпен, облыс әкімшілігімен ауқымды жұмыс атқарудамыз. Жастарымыз баспаналы болуы үшін кешенді жұмыстар жүргізілуде. Биыл осы мәселе бойынша бір шешімге келіп, жастарымыз тұрғын үй алған кезде қаржылай қолдау көрсету қарастырылуда.

Хабар 24 телеарнасы