383,69 432.40 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Маңғыстаулық жастарға 1 миллион теңгеге дейін қайтарымсыз грант беріледі

  • 1150
Маңғыстаулық жастарға 1 миллион теңгеге дейін қайтарымсыз грант беріледі

Жаңа істің көзін тапқан маңғыстаулық жастар да қолдаудан кенде емес.

Биыл осындай 1 мың жасқа 1 миллион теңгеге дейін қайтарымсыз грант беріледі. Әлеуметтік жобаны облыс әкімдігі мен Бүкіләлемдік банк іске асырады. Осылайша, бірі наубайхана, енді бірі шаштараз ашып, өзін ғана емес, өзге де қатарластарын жұмыспен қамтиды. Жоғары білім алам деген 175 түлекке облыс әкімі арнайы грант бөледі. Сосын Ақтаудың өз басында 3 мың орынға арналған 3 жатақхана салынады. Ал мектептерде кәсіп таңдауға бағыт беретін арнайы кабинеттер ашылады.

Досан Жеткізген, облыстық жастар ресурстық орталығының директоры:

– «Кеңес алаңы» деген жобамыз бар. Бұл жобаның мақсаты – жастарға мемлекеттік бағдарламаларды түсіндіру. 7-20-25, баспана, жұмыспен қамту, кәсіпкерлікті дамыту, тегін кәсіптік білім беру барлық бағыттағы негізгі салалардың мамандарын алып, жастар көп шоғырланатын, халық көп жүретін жерлерге барып, тегін кеңес беріледі.

Хабар 24 телеарнасы