388,95 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтөбелік дәрігерлер Гиннестің рекордтар кітабына енді

  • 925
  • UPD: 20:57, 08.01.2019
Ақтөбелік дәрігерлер Гиннестің рекордтар кітабына енді

Ақтөбелік дәрігерлер Гиннесс рекордтар кітабына енді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бір сағат ішінде ақхалаттылар 4270 адамның артериялық қан қысымын өлшеген. Бұған дейінгі рекорд үндістандық дәрігерлерге тиесілі болатын. Ол 2015 жылы 3600 адамға қызмет көрсетіпті. 500-ден астам ақтөбелік дәрігер шараға келген 18 бен 60 жас аралығындағы азаматтардың қан қысымын өлшеп қана қоймай, тиісті кеңестер де берген. Себебі әлемде қазір жүрек пен қан тамырлары дерті арасында артериялық қан қысымының жоғарылауы белең алған. Тек Ақтөбе облысының өзінде 80 мыңға жуық тұрғын диспансерлік есепте тұр.

Әсет Қалиев, облыстық денсаулық сақтау басқармасының жетекшісі:

- Ересек адамдардың 50% жуығы қазір денсаулық сақтау ұйымының ұйғарымы бойынша осы артериялық қысымның жоғарылауымен сырқаттанады. Бірақ бір ерекшелігі - көбісі оған көңіл бөлмейді. Дәрігерге жүгінбейді. Сондықтан осы артериялық қан қысымын анықтаудың осындай деңгейде ұйымдастыруымыңдың мақсаты - тұрғындарға, халыққа артериялық қан қысымының күнделікті бақылауда ұстаудың маңыздылығын жеткізу.

Хабар 24 телеарнасы