424.49 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Әмина Өмірзақованың 100 жылдық мерейтойы ЮНЕСКО көлемінде атап өтіледі

  • 2696
  • UPD: 19:48, 08.01.2019
Әмина Өмірзақованың 100 жылдық мерейтойы ЮНЕСКО көлемінде атап өтіледі inform.kz

Биыл Қазақстанның халық артисі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, кино және театр актрисасы Әмина Өмірзақованың туғанына 100 жыл, деп хабарлайды «Хабар 24».

Есімі ел есінде жатталған сахна саңлағының мерейтойы ЮНЕСКО көлемінде тойланады. Әмина Өмірзақова жарты ғасырдан астам уақытын театр сахнасына арнап, 150-дей кейіпкердің рөлін сомдады. Кино саласына сіңірген еңбегі де ұшан-теңіз. Оның әсіресе, ана бейнесіндегі «Ана туралы жыр», «Тақиялы періште», «Шаңырақ» фильмдері әлі күнге дейін экраннан түскен жоқ.

Азамат Сатыбалды, Ғ.Мүсірепов атындағы ҚМАБЖ театры директорының міндетін атқарушы:

- Әмина апамыз Мүсірепов театрында саналы ғұмырын арнап, тер төгіп, талай көрермендерін қуантқан. Биылғы жыл біздің театр үшін мерейтойлы жыл болады. Біз қазір жобаларын жасаудамыз.

Хабар 24 телеарнасы