380,56 429.20 5.98
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


СҚО-да бір апта ішінде 600-ге жуық адам тұмау жұқтырып, жедел жәрдем шақырған

  • 526
  • UPD: 20:48, 08.01.2019
СҚО-да бір апта ішінде 600-ге жуық адам тұмау жұқтырып, жедел жәрдем шақырған orbita96.ru

Солтүстік Қазақстан облысында эпедимиологиялық жағдай қиындап кетуі мүмкін, деп хабарлайды «Хабар 24».

Айналасы бір аптаның ішінде өңірде 600-ге тарта адам жедел респираторлық вирустық инфекция жұқтырып, жедел жәрдем қызметіне жүгінген. Олардың жартысынан астамы мектеп жасындағы балалар. Бұл туралы қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің мамандары хабарлап отыр. Сондай-ақ қыс басталғалы бері облыст  5 адамнан «В 1» және «А/Н1N1» типті тұмау түрлері анықталған. Аталған індеттің жайылуына ауа райының құбылмалы болуы басты себеп. Сондықтан дәрігерлер сақтық шараларын күшейту керектігін ескертеді.

Фарида Мұхамеджанова, облыстық қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің бөлім жетекшісі:

- 2018 жылдың бірінші қазанынан бастап өңірде он екі мыңнан астам адам респираторлық вирус жұқтырыпты. Сәйкесінше, былтыр облыстық бюджеттен 51, 5 миллион теңге қаржы бөлініп, оған 60 мыңнан астам епе сатып алынды. Егу жұмыстары уақытылы жүргізілді. Қазіргі таңда бұл шаруалар емханаларда әлі жалғасын табуда. Тек ақылы түрде.

Хабар 24 телеарнасы