418,90 492,14 5.72
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Коммуналдық төлемдер Түркістан қаласында да арзандады

  • 1393
  • UPD: 21:10, 08.01.2019
Коммуналдық төлемдер Түркістан қаласында да арзандады

Қала тұрғындары жылуға әр шаршы метр үшін 113 теңге 17 тиын төлеп келсе, енді 95 теңге 85 тиын төлейді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Шаһарда бұған дейін судың бір текше метрі заңды тұлғалар үшін 168 теңге 7 тиын болса, қазір 160 теңге 42 тиын тұрады. Ал, жеке тұлғалар үшін 55 теңгеден 52 теңге 11 тиынға дейін арзандады. Электр қуатының да бағасы төмендеді. Тұрғындар бұрын 1 кВт үшін 15 теңге 74 тиын төлейтін, енді 13 теңге 8 тиын төлейді.

Әбутәліп Асанов, қалалық ТКШ бөлімінің басшысы:

- Жеке және заңды тұлғаларға қала көлемінде қатты қалдықтарды жинау бойынша тариф  бекітілген. Бұл көрсеткіштерді қазір 10% төмендетіліп отыр. Жер үйлерде тұратын жан басына шаққанда бұрынғы тариф 122 теңге болатын болса, қазіргі таңда 110 теңгеге төмендетілді. Бұл енді Елбасымыздың саясатына сәйкес барлық коммуналдық төлемақылар қайта қаралып, 5 пен 15% аралығында барлық төлемақы төменетілді.

Хабар 24 телеарнасы