376,51 420,09 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Таразда балаларды қолдау орталығының тәрбиеленушілері тегін кино көрді

  • 1014
  • UPD: 23:32, 08.01.2019
Таразда балаларды қолдау орталығының тәрбиеленушілері тегін кино көрді Маркет

Таразда 50 бала тегін кино көрді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Барлығы көпбалалы отбасынан шыққан, ата-анасынан айырылған, әлеуметтік аз қамтылған жеткіншектер. Мәдени шара кино өнерінің қол жетімділігін арттырып, оқушылардың мектеп демалысы кезіндегі бос уақыттарын тиімді өткізуіне бағытталған. «Сондай-ақ мұндай бастама бүлдіршіндердің қоғамға әлеуметтік бейімделіп кетуіне оңтайлы», - дейді мамандар. Кино репертуары балалардың жас ерекшеліктеріне қарай таңдап алынған.

Руслана Яровая, Өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығының тәрбиеленушісі:

- Бүгін біз «Возвращение Мэри Поппинс» деген киноны көріп жатырмыз. Кино өте қызық болды. Ол жақта ғажайып әлем туралы болды. Маған кино ұнады.

Жанна Мамашева, облыстық іскер әйелдер қауымдастығының атқарушы директоры:

- Балалар кәдімгі күнде көріп жүрген отбасының балалары емес. Балалар қиын отбасылық жағдайды көрген балалар. Сондықтан біз «Возвращение Мэри Поппинс» деген киноны таңдадық. Өйткені ол мюзикл. Жоғары деңгейде. Мәдени деңгейі өте жоғары. Қиын жағдайға түскенімен, ол балалардың ертең болашағы зор болуы керек. Және мына бүгінгі акция тек қана бүгінгі күнмен бітпейді.

 

Хабар 24 телеарнасы