384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


2018 жылы Қазақстанда жаңа баспана 2,1% қымбаттады

  • 653
  • UPD: 00:56, 09.01.2019
2018 жылы Қазақстанда жаңа баспана 2,1% қымбаттады

Қазақстанда 2018 жылғы желтоқсанда жаңа баспананың 1 шаршы метрінің бағасы 266863 теңгені құрап, өткен аймен салыстырғанда 0,4%, 2017 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 2,6%, өткен жылдың қаңтар-желтоқсанына қарағанда 2,1% өскен, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитетіне сілтеме жасап.

Абаттандырылған баспананың 1 шаршы метрінің орташа бағасы желтоқсан айында 185965 теңге (өткен жылдың қарашасымен салыстырғанда 0,2%, былтырғы желтоқсанмен салыстырғанда 1,9% өскен), ал абаттандырылмаған үйдің 1 шаршы метрі орта есеппен 114523 теңге (сәйкесінше +0,2%, +2,4%) болды.

Өткен айда Қазақстанда жайластырылған үйдің 1 шаршы метрін жалға алудың орташа бағасы 1384  теңгені (+0,1%, +6%) құрады.

 

Хабар 24 телеарнасы