411,61 465,50 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Аягөз қаласының тұрғындары жылуға жарымай отыр

  • 1478
  • UPD: 20:37, 09.01.2019

Шығыс Қазақстан облысы Аягөз қаласының тұрғындары жылуға жарымай отыр. Бұл туралы олар әлеуметтік желілерде жазуда. Мәселен, орталықтағы Абай гүлзары бойында үйдің бөлмелерінде суық азынап тұр. Жылуға ешқандай қарызымыз болмаса да, сапалы қызметке қол жеткізе алмай отырғандарын айтады тұрғындар.

Индира Мұхамедиева, Аягөз қаласының тұрғыны:

- Арнайы аспаптармен келіп үйіміздегі температураны өлшеп кетті. 2 жылытқыш қосылып тұрғанның өзінде қонақ бөлмесінде 11 градус, ұйықтайтын бөлмеде 7 градус, ал жуынатын жерде 4-ақ градус. Бұл дегеніңіз далада отырғанмен бірдей. Және осы қызмет үшін айына 9 мың теңге төлейміз, бұл мәселені кім шешетінін білмейміз.

Мәселенің мән-жайын білу үшін тілшілеріміз жергілікті әкімдікке хабарласқан. Олардың айтуынша, барлық гәп орталықтағы жылу қазандығының ескіруінде екен. Ал нысанның иесі жеке кәсіпкер. Бұл жерден 40 көпқабатты үй мен мектеп, балабақша сияқты 8 әлеуметтік нысан да жылытылады. Осы мәселе бойынша қазір арнайы штаб құрылып, тәуліктік кезекшілік ұйымдастырылған. 

Нұрлан Қантаев, аягөз қаласы әкімінің міндетін атқарушы:

- Қазандықтардың тозығы жеткен. былтырғы жылы бұлар 10 миллион теңгеге өздері көрсеткен бекітілген тарифтік жоспарға сәйкес жұмыстарын істеді. ал негізгі қазандықтарды ауыстыру бойынша жаңартуға, ондай жұмыстарға шамалары жетпеген. Сондықтан бұл кісілер шама жетпейді, сатамыз деп отыр. Сол бойынша Аягөз аудандық әкімшілігінен бастап барлығы осы жұмыстарды атқарып жатырмыз.

Хабар 24 телеарнасы