386,83 431,60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қосымша табыс көзін іздеген жігіт құмар ойынның шырмауына түсті

  • 671
  • UPD: 20:07, 09.01.2019
Қосымша табыс көзін іздеген жігіт құмар ойынның шырмауына түсті

Былтыр елім іздегі букмекерлік кеңселерден түскен салық түсімі 8 миллиард теңгеден асқан. Сондай-ақ 2018 жылдан бастап кеңсе қожайындары жылына төрт мәрте лицензиялық төлем төлеуге міндеттелді. Дегенмен, олардың ұпайы түгел.  Ал құмар ойынның құрығына түскендердің жағдайы не болмақ?  Психолог мамандар неге дабыл қағуда? 

Арман Астанаға 3 жыл бұрын көшіп келген. Тұрақты қызметі, ауыз толтырып айтарлықтай жоғары болмаса да  жалақысы болған. Алайда айлығы аздық етіп, қосымша қаражатқа қол жеткізу жолдарын іздейді. Ақыры достары жиі бас сұғатын букмекерлік кеңсенің табалдырығын аттайды. Бастапқыда азын-аулақ тиын-тебеннің соңына түсіп, уақыт өте келе құмар ойынның шырмауынан шыға алмай қалыпты.

Арман, қала тұрғыны:

-  Өзіме сенімді болғаннан кейін көп ақша сала бастадым. Айлықты, айлықтың жартысын. Қарызға ақша сұрап әркімнен. Солай салатынмын. Осылай қарызға кірдім ақыр аяғында. 

Құмар ойынның қызығына батқандарға жолап кетсеңіз, барлығы осы сценарийді айна-қатесіз қайталап береді. Әрі букмекерлік сайттарға жіпсіз байланғандарын жасырмайды. Мамандар бұл дертті о баста «психологиялық тәуелділік» деп сипаттама беріп тастаған. Тіпті, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы бұл тәуелділік - аурудың бір түрі деп таныған. Алайда, сан мәрте айтылып жатқанынмен жеңіл ақшаның соңына түскендер азамай тұр.

«Ал олар өзінің емес, өзгенің қалтасын қампайтып жатқандарымен ісі жоқ», - дейді психологтар.   

Айбек Сидиков, Психолог:

- Бұл түптеп келгенде бизнес қой. Бастапқыда бұл жүйе адамның ұтылуы үшін жасалған. Яғни казиномен тең десек те болады. Онда бұл бизнестің иесі үнемі жеңеді.  Букмекерлік жүйеде де солай. Қожайынның ұпайы түгел. Бір қызығы, ең көп ақша жеңген адам ең көп ұтылады.  

Тәуелділіктің бұл түрін жан-жақты зерттеген маман мұны бизнес деп бекер атаған жоқ. Қазақстанда кәсіп иелері салық төлеуге міндеттелген. Сол сияқты букмекерлік кеңсе қожайындары да ел қазынасына қомақты қаражат құйып отырған салық төлеушілер есебінде. Мәселен, былтыр елімізде тіркелген 860 кеңсе 8 миллиард 370 миллион теңге көлемінде салық төлепті.  

Олжас Отар, ҚР ҚМ мемлекеттік кірістер комитеті қоғаммен байланыс басқармасының басшысы:

- Ойын бизнесі саласында букмекерлік кеңселер 300 АЕК көлемінде бекітілген жиынтық салығын төлейді. Сонымен бірге электронды кассалар бар, олар 30000 АЕК көлемінде салығын ай сайын төлеп отыруға міндеттеме бар.   

Қазақстан аумағында букмекерлік кеңсе ашуға заңды тұлғалардың ғана құқығы бар. Қазір олардың саны 35. Былтырдан бастап әр заңды тұлға тоқсан сайын, жылына 4 рет лицензиялық төлем төлейді. Есесіне оларға кеңсе саны бойынша қойылатын шектеу жоқ. 

Авторлары: Нұршапағат Несіпбаев, Асхат Қарақойшиев

Хабар 24 телеарнасы