384,59 430.70 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Колледждердегі заңсыздық. Прокурорлар батысқазақстандық 72 лауазымды тұлғаны жауапқа тартты

  • 494
Колледждердегі заңсыздық. Прокурорлар батысқазақстандық 72 лауазымды тұлғаны жауапқа тартты

Батыс Қазақстан облысындағы 30 шақты колледждің қызметін тексерген прокурорлар біраз былықтың бетін ашты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Болашақ жұмысшы маман даярлау міндеті сеніп тапсырылған оқу орындары қаражатты негізсіз жұмсау, басқа қаладан келіп оқып жатқан студенттерді жатақханамен қамтамасыз етпеу секілді кемшіліктерге жол берген. Мысалы, Жалпақтал колледжінің 2017 жылы жұмысқа орналасу көрсеткіші 92 пайыз деген жалған ақпаратын тексеріс нәтижесі терістеді. Іс жүзінде көрсеткіш 48 пайыз ғана екендігі анықталды. Прокурорлардың араласуымен 8 миллион теңгеден астам қаражат қазынаға қайтарылды. 72 лауазымды тұлға жауапқа тартылды.

Бауыржан Ахметжан, облыс прокурорының аға көмекшісі:

– Мысалы, Ақсай техникалық колледжі контингентті негізсіз 116 тұлғаға көбейтіп, бюджеттен заңсыз 3 миллион теңге алған. Қаражаттарды алу үшін оқудан шығарылған және оқуын аяқтаған тұлғалар тізімге енгізілген. Сабаққа қатыспай, жұмыс жасаған студенттерге шәкіртақы төлеу фактілері Бөкей ордасы Жалпақтал Қаратөбе Теректі Сырым және Шыңғырлау аудандарының колледждерінде анықталды. Тағы бір студент 2016-2017 жылдары Теректі колледжінде оқи тұра, Шыңғырлау ауданындағы ветеринария стансасында жұмыс жасап келген және ай сайынғы шәкіртақысын алып тұрған.

Хабар 24 телеарнасы