412,55 465,50 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елімізде әйел адамдар шағын қаржы ұйымынан несиені көп алады

  • 1055
  • UPD: 12:28, 11.01.2019
Елімізде әйел адамдар шағын қаржы ұйымынан несиені көп алады

Шағын қаржы ұйымдарына жүгінетіндердің дені декретте отырған немесе ажырасқан әйелдер. Соңғы жарты жылда Antidolg.kz заңгерлерінің кеңесіне 3 мыңнан аса қазақстандық жүгінген.

Олардың 70 пайызы әйел азаматтар. Айта кетерлігі, қарыз мөлшерлемесі 2 мың пайызды құраған.  Берешегін өтеу үшін борышкерлер басқа да қаржылық ұйымдарға жүгініп жатады. Дені Алматы, Астаны, Шымкент және Ақтөбе, Қарағанды қаласынан. Сарапшылар мәселені сотқа жеткізбей, медиация тәсілімен шешуге тырысады.  Antidolg.kz әлеуметтік заңгерлік қызметі Қазақстандағы ірі қарыз беруші компаниялармен медиативті байланыс орнатуға бекініп отыр.

Хабар 24 телеарнасы