419,69 511.30 5.67
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Аягөзде жекенің иелігіндегі жылу қазандығы 1998 жылдан бері жөндеу көрмеген

  • 1740
  • UPD: 13:56, 11.01.2019

Шығыс Қазақстан облысы Аягөз қаласының тұрғындары жылуға жарымай отыр. Бұл келеңсіз жағдай қазандық жұмысындағы іркілістердің салдарынан туындаған. Маңызды нысан 1998 жылдан бері жеке кәсіпкердің иелігінде екен.

Содан бері бір де бір рет күрделі жөндеу жүргізілмепті. Ал құрал-жабдықтардың әбден тозығы жеткен. Қазір жергілікті әкімдік жағдайды бақылауға алып, қазандықтың қалыпты жұмыс істеуі үшін күш салуда. Сондай-ақ оны заң талаптарына сәйкес мемлекет иелігіне қайтару жолдарын қарастырып жатыр.

Риза Сабырбекова, Аягөз қаласының тұрғыны:

- Жылытқыш қоспаған кезде 2 мың, 2 жарым мың теңге төлейтінбіз жарыққа. Қазір мысалы 4 мыңға ақшасы келіп тұр светке. Сонда маған 4 мың теңге жарыққа төлеуге, 8200 жылуға төлеуім керек болады. Ол маған қосымша шығын болады. Аяз келе жатыр, үйдің іші салқын, жылы киініп, қабат-қабат киініп отырмыз.

Хабар 24 телеарнасы