383,01 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Биыл Түркістан облысында 4400 пәтер қолданысқа беріледі

  • 748
  • UPD: 13:55, 11.01.2019
Биыл Түркістан облысында 4400 пәтер қолданысқа беріледі

Биыл Түркістан облысында 300 мың шаршы метрден асатын 4 мың 400 пәтер пайдалануға беріледі. Бұл баспаналардың 2 мың 898-і Түркістан қаласы тұрғындарының игілігіне берілсе, қалған 1 жарым мың пәтер аудан халқына тапсырылады.

Жалпы осы пәтерлердің 2 мың 489-ы мемлекеттік бағдарлама аясында бой көтерсе, қалған 1 мың 888-і жеке инвесторлардың есебінен салынып жатыр. Ал облыс орталығы Түркістан шаһарында берілетін пәтерлердің 1 мың 200-і жергілікті әкімшілікте кезекте тұрған азаматтарға, ал 1 мың 698 пәтері «7-20-25» бағдарламасы арқылы жүзеге асырылатын болады. Бұл үйлер рухани шаһардағы «Отырар» мөлтек ауданы мен «Түркістан - жаңа қала» тұрғын үй кешендерінің аумағында орналасқан.

Айта кетейік, бүгінгі таңда Түркістан облысында 28 мыңнан аса азамат пәтер кезегінде тұр.

Әмірбек Егізбаев, облыстық құрылыс басқармасының бөлім басшысы:

- 2019 жылы Түркістан облысындағы тұрғын үйлердің құрылысына мемлекеттік бюджеттен және жеке инвестиция қаржысына жалпы алпыс үш 13 пәтерлі 157 көп қабатты пәтерлердің құрлысы жүргізіледі. Соның ішінде облыс орталығы Түркістан қаласында  4260 пәтерлі 114 тұрғын үйлердің құрылысын жүргізуді көздеп отырмыз.  Бүгінгі күнге Түркістан қаласына арналған көп қабатты үйлердің 80 нен астам жаңа жобалары әзірленіп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы