386,80 431,60 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Еліміздің барлық өңірінде дәрі-дәрмек бағасы бірдей болады

  • 560
  • UPD: 15:37, 11.01.2019
Еліміздің барлық өңірінде дәрі-дәрмек бағасы бірдей болады

Бұдан былай барлық өңірде дәрі-дәрмектердің бағасы бірдей болады. Бұл мәселені Денсаулық сақтау министрлігі жіті назарына алды. Яғни құзырлы ведмоство дәрі-дәрмектердің бағасын өзі белгілейді және оның үстеме ақымен сатылмауын қадағалайды.

Бұл жөнінде Фармация комитетінің төрайымы Людмила Бюрабекова мәлімдеді. Заңға енгізілген өзгерістерге сәйкес бағаның 4 деңгейі белгіленген. Оның ішінде өндіруші үшін көтерме сауда үшін және бөлшек сауда үшін шектік бағалар бар. Бұған қоса, міндетті медициналық сақтандыру мен тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі аясындағы сатып алу деңгейлері қамтылған.

Людмила Бюрабекова, ҚР ДСМ Фармация комитетінің төрайымы:

- Бағаларды реттеу дәрі-дәрмектердің сапасына әсер етпейді. Бізде сапаға Дәрі-дәрмектерді сараптаудың ұлттық орталығы жауапты. Тіркеу жүргізіліп жатқанда компания дәрінің сапасын растайтын құжаттар пакетін ұсынады. Егер дәрі-дәрмек Қазақстан аумағында тіркелген болса, онда оның қауіпсіздігі мен сапасы дәлелденген деген сөз. Сәйкесінше бағаларды реттеу дәрінің сапасына ешқалай әсер етпейді.

Хабар 24 телеарнасы