426,32 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ШҚО-дағы құстардың қырылу себебі анықталды

  • 1346
  • UPD: 17:23, 11.01.2019
ШҚО-дағы құстардың қырылу себебі анықталды Википедия

Шығыс Қазақстанда Алтай ауданында құстардың қырылу себебі анықталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Аудандық ветеринарлық бөлім  мамандарының айтуынша, зертханалық талдама нәтижесінде кептерлер мен көгершіндердің асқазанынан тұздың көп мөлшері анықталған. Айтуларынша, өлкеде аталған құс түрлері соңғы жылдары тым көбейіп кеткендіктен шаруалар диірмендер мен қоймаларды қымтап жауып тастайтын болған. Сондықтан жем іздеген қанаттылар жол бойын ториды. Ал жолда тұздың қайдан шашылып жатқаны белгісіз.

Естеріңізге салайық, желтоқсан айының соңында Алтай ауданындағы бірнеше ауылда кептер мен қарғалар қырылған еді. Жергілікті жұрт бастапқыда «құстар қатты аяздан өлген болар» деп болжамдаған болатын.

Хабар 24 телеарнасы