419,66 501.30 5.64
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«Хабар 24» пен Kazakh TV арналары Ресейде хабар таратуда

  • 1678
  • UPD: 13:07, 12.01.2019

«Хабар 24» пен Kazakh TV арналары Ресейде хабар тарату лицензиясына қол жеткізді.

Көрші елдің теленарығына ресми тіркелу үшін қажетті техникалық және құжаттық талаптардың қыруар шаруасы атқарылды.

Еліміздің Ақпарат және коммуникациялар министрі «Фейсбуктағы» парақшасында осындай қуанышты хабармен бөлісті. Дәурен Абаев, шекаралас аймақтарды мекендейтін қандастарымыз біраз уақыттан бері министрлікке хат жолдап, ел жаңалықтарын көргілері келетінін жеткізгенін жазған. Енді олардың тілегі орындалды. Игі бастама Дүниежүзі қазақтарының V құрылтайында Елбасының: «шеттегі қандастардың Қазақстаннан жан-жақты хабар алып тұруына көмектесу керек», - деген тапсырмасына сай қолға алынды.

Айта кеткен жөн, «Хабар» Агенттігі түсірген «Ана жүрегі» атты телехикая қазір Өзбекстанның белгілі арналарының бірінде көрсетіліп жатыр. Өзбек телекомпаниясының өкілдері сериалдың жергілікті көрермен тарапынан жоғары сұранысқа ие болғанын айтады. «Осы бағыттағы жұмыстар әлі де жалғаса береді», - деді министр.

Хабар 24 телеарнасы