417,02 504.70 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алматыда сервистік бағыттағы фронт-кеңселер ашылды

  • 1096
  • UPD: 23:34, 11.01.2019
Алматыда сервистік бағыттағы фронт-кеңселер ашылды

Алматыда сервистік бағыттағы фронт-кеңселер ашылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оның алғашқысы қаладағы Красногорск көшесіндегі қылмыстық-түзету мекемесі жанынан пайдалануға берілді. Мұнда бұрын күту залымен жүк сақтау қоймалары болмаған. Сондықтан жазасын өтеп жатқан азаматтарға келген туыстары мен адвокаттар сыртта сағаттап күтуге мәжбүр еді. Жаңадан ашылған фронт-кеңседе күту уақыты 2-3 сағаттан 20 минутқа дейін азайды және келушілердің тыйым салынған заттарды алып өту мүмкіндігі шектелді. Мұнымен қатар Түрксіб ауданында тәулік бойына жұмыс жасайтын алғашқы фронт-кеңсе іске қосылды. Енді азаматтар бұрынғыдай көше бойында сағаттап тұрмайды және көптеген тексеру орындары қысқартылып, өтініштер мен басқа да құжаттарды қабылдау небәрі 15-20 минутта атқарылады. Тұрғындарға қолайлы жағдай жасау үшін алдағы уақытта қаладағы барлық ауданда осындай фронт-кеңселер салуға жергілікті бюджеттен қосымша қаржы қарастырылады.

Салтанат Әзірбек, қалалық полиция департаментінің ресми өкілі:

- Азаматтардың келуіне емін-еркін, қандай да бір сұрақтармен полицияға жүгінуіне барынша мүмкіндік жасалған. Өздеріңіз көріп отырғандай, ол кең, әрі жақсы жабдықталған кеңсе. Тәулік бойы полиция қызметкерлері, олар үш қызметкер болып кезекшілікке тұрады. Қажетті құқықтық көмектер көрсетіп азаматтарға, қажетті сұрақтарға жауап береді.

Хабар 24 телеарнасы