389,65 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


500-ден астам ақтөбелік Zhas Project әлеуметтік жобасы аясында өз ісін ашты

  • 1137
  • UPD: 07:37, 13.01.2019
500-ден астам ақтөбелік Zhas Project әлеуметтік жобасы аясында өз ісін ашты OtvetClub.com

500-ден астам ақтөбелік Zhas Project әлеуметтік жобасы аясында жеке бизнесін ашты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Өз ісін бастауға ниет білдірген жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі қаражатқа қол жеткізу мүмкіндігі берілді. Облыс бойынша 165 бизнес-жоба іріктеліп, 100 миллион теңгеге жуық қаржы бөлінген. Мәселен ауыл жастары асылтұқымды мал өсіріп, шағын наубайхана ашып жатыр. Облыс орталығында да кәсіпкерлер қатары артып келеді. Әлеуметтік жоба аясында бизнес бастаған Назгүл Бесайдарова тігіншілер курсын ұйымдастырды. Қол жеткізген 1 миллион теңгеге 5 тігін машинасы мен арнайы жиһаз алды. Zhas Project жобасының басты талабы - әлеуметтік әлсіз топтарға қолқабыс болу. Ал жас кәсіпкер Назгүл Бесайдарова 4 ай ішінде 20 тәлімгерге іс тігудің қыр-сырын тегін үйретуі тиіс.

Назгүл Бесайдарова, кәсіпкер:

- Бұл үлкен мүмкіншілік. Бұл алынған заттардың барлығы маған қалады. Игілігіме. Сондай-ақ осындай әлеуметтік маңызды шаруаны жалғастырғым келеді. Мен тек ақылы емес, арасында мүмкіндігі жоқ қыздарды оқытқым келеді. Айына бір қыз болса да, үйреткім келеді.ф

Хабар 24 телеарнасы