388,95 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қостанайлық фермерлерге тұқымға субсидия беру тәртібі өзгерді

  • 618
  • UPD: 12:33, 13.01.2019
Қостанайлық фермерлерге тұқымға субсидия беру тәртібі өзгерді

Қостанайлық фермерлер тұқымға субсидия төлеудің жаңа тәртібін тиімсіз деп есептейді.

Себебі, кейбір шаруалар мемлекеттік қолдаудан қағылуы мүмкін, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл элиталық тұқым өсіретін ғылыми институттармен келісімді бұрын-соңды жасап қойғандарға қатысты. Ал субсидия 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап тұқым сататын шаруашылықтармен келісімшарт жасағандарға төленеді. Өткен жылы облыс диқандары 26 миллиард теңгені игерген. Соның 8 миллиарды өсімдік шаруашылығына бөлінді. Қазақстан фермерлер одағы субсидияға қатысты кедергілерді жойып жетілдіруге бағытталған ұсыныстарды министрлікке жолдамақ.

Әуезхан Даринов, Қазақстан фермерлер одағының президенті:

Ет, сүт, айранды алатын болсақ, 40-45% сырттан келіп жатыр. Ғалымдардың айтуынша, импорттық тауарлар 20% асатын болса, ол мемлекетке қауіп. Біздің айтатынымыз осы. Бізге беталды субсидиялар беріңіздер деп сұрағанымыз емес. Ресей мен Белорусьтің көмектесіп жатқан субсидияның пайызы 18-20. Ал біздікі 10% да жетпейді.

Хабар 24 телеарнасы