417,02 504.70 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Батысқазақстандық кәсіпкер туған ауылына медпункт салып берді

  • 1379
Батысқазақстандық кәсіпкер туған ауылына медпункт салып берді

Батыс Қазақстан облысының Ақпәтер ауылында «Туған жер» бағдарламасы аясында тағы бір тың жоба жүзеге асты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жергілікті кәсіпкер туған ауылына арнап фельдшерлік-акушерлік пункт салып берді. Бұрынғы әбден ескірген ғимарат қазір апатты жағдайда болатын. Жаңа емдеу нысанының құрылысы былтыр басталды. Меценат медицина мекемесін салуға 16 миллион теңге көлемінде өз қаржысын жұмсаған. Жаңа нысан бой көтерген Ақпәтер ауылында мыңнан астам тұрғын бар.

Қазиолла Айтқалиев, Ақпәтер ауылының тұрғыны:

– Денсауылығымыз жақсы болуы үшін қуанамыз. Үлкейген соң ауру-сырқау болып тұрады. Анда-санда осында келіп көмек алып тұрамыз. Бұрын да сөйтіп жүрдік, енді жаңа орын болған соң өте қуаныштымыз.

Айнұр Хайруллина, жалпы тәжірибе дәрігері:

– Ғимаратымыз ашық, іші кең. Халыққа ұнап жатыр. Енді салынған ғимараттың ішінде профилактикалық жұмыстармен айналысып, халқымыздың саулығын көтеріп, өмірге дені сау ұрпақты әкеле берейік.

Хабар 24 телеарнасы