430,39 515.14 5.65
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Отандық жанар-жағармайға сұраныс артты

  • 1152
  • UPD: 07:29, 14.01.2019
Отандық жанар-жағармайға сұраныс артты

Сырттан тасымалданатын жанар-жағармай өнімдерінің бағасы ай сайын өсіп барады. Осы ретте отандық бензин мен дизель отынына сұраныс артты.

Мәселен, қазір көршілес Ресей елінен әкелінетін жанармай бағасы шарықтап тұр. Негізгі сұранысқа ие Еуро-5 стандартына сай АИ-92 бензинінің литрі 178-225 теңге аралығында сатылады. Ал қысқы маусымға арналған дизель отыны 250-265 теңге көлемінде. Отандық мұнай өңдеу зауыттарының өнімдеріне тоқталсақ, АИ-92 145-149 теңге, АИ-95 169-175 теңге және дизель отының 1 литрі 189 теңгеден сатылып жатыр.

Ержан Нұрқасымов, қала тұрғыны:

- Мен күніне қалада шаруаларым көп болғандықтан машинама шамамаен 20 литрдің үстінде бензин құюға тура келеді. Қазіргі Ресейден әкелінетін бензидердің бағасы 180-225 дейін барады. Мұны енді менің қалтам әркез көтере бермейді. Сондықтан біздің Қазақстандық өзіміздің өнімдеріміздің сапасы қазір жақсы болып келе жатыр. Сондықтан 145-148 теңгенің айналасында, әрине мен қазақстандық жанар-жағармайды құямын.

Хабар 24 телеарнасы