423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елімізде мұнай өндіруді 125 млн тоннаға жеткізу жоспарланды

  • 1006
  • UPD: 13:22, 14.01.2019
Елімізде мұнай өндіруді 125 млн тоннаға жеткізу жоспарланды

Қазақстанда мұнай өндіру көлемін 125 млн тоннаға жеткізу жоспары бар. Бұл өз кезегінде шикізаттың көбеюіне ықпал етеді.

Демек, елдегі алпауыт мұнай өңдеу кәсіпорының қауқары артып, халықты сапалы мұнай өнімдерімен қамту жолға қойылады. Мұнай-газ саласына қызмет көрсету компаниялар одағының төрағасы Рашид Хасенұлының айтуынша, Қазақстанда 15 млн тонна мұнай шикізат түрінде қажет. Ал үш зауыт бүгінде 18 млн тонна қара алтынды өңдеуге қауқарлы. Оның үстіне жеке иеліктегі кәсіпорындар да 1 млн тоннаға жуық шикізатпен қамтып отыр. 

Рашид Жақсылықов, Қазақстан мұнай-газ саласына қызмет көрсету компаниялар одағының төрағасы:

- Қазіргі таңда көп автокөлік қолданушылары өздерінің автокөліктерін газға ауыстырып жатыр. Мұнай өнімдерін үнемдеуге әкеп соғады. Осындай адамдар көбейсе, сұраныс азаяды. Мұнай өнімдері неге қымбаттап кетті деген сұрақ туындайтын болса, ол шикізат жетпеуінен. Қара мұнайдың жетпеуінен зауыттарға.

Хабар 24 телеарнасы