419,54 511.30 5.71
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ирандағы ұшақ апаты: әуе кемесінде қазақстандықтар болмаған

  • 1211
  • UPD: 22:43, 14.01.2019

Иранда Boeing 707 жүк таситын әуе кемесі апатқа ұшырады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ұшақта 16 адам болған. Оның он бесі қаза тауып, тек борт инженері тірі қалған. Ол дереу ауруханаға жеткізілген. Айта кетерлігі, әуе кемесі Иранның қарулы күштеріне тиесілі. Бішкектен ет тиеп, елге апара жатқан болатын. Апат Орталық Иранның Фатх әуежайына қонар кезде болған. Ұшақ сызықтан әрі өтіп кетіп, қоршауға соғылып, артынан өртеніп кетті. Алдын ала болжам бойынша, оқыс оқиғаға ауа райының қолайсыздығы себеп болуы мүмкін. Қазақстанның Ирандағы елшілігі хабарлағандай, апатқа ұшыраған Boeing 707 әуе кемесінде қазақстандық азаматтар жоқ.

Хабар 24 телеарнасы