388,95 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елімізде 700 мыңнан астам жұмысшының жалақысы өседі

  • 616
  • UPD: 17:47, 14.01.2019
Елімізде 700 мыңнан астам жұмысшының жалақысы өседі zhampoz

Қазақстанда 130 мыңға жуық жұмыс беруші 705 мың қызметкердің жалақысын көтереді, деп хабарлайды Елорда Инфо ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

​«Мемлекет басшысының Жолдауында айтылғандай 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі еңбекақы алатын жұмысшылардың жалақысын көтеруді жүзеге асыру аясында елімізде жалпы жұмысшы саны 1,5 млн адамды құрайтын 128,7 мыңға жуық жұмыс беруші 705,4 мың жұмыскердің жалақысын көтеруге дайын екендіктерін білдірді», - делінген хабарламада.

1235 кәсіпорын ірі кәсіпкерлік субъектілеріне жатады, 1711 – орташа, 125 мыңы шағын кәсіпкерлік.

Жоғарыда көрсетілген кәсіпорындарда ең төменгі еңбекақы алатын жұмыскерлердің орташа жалақысы 18% өседі, 41,5 мыңнан 55,2 мың теңгеге дейін жетеді.

Хабар 24 телеарнасы