425.49 509.00 5.61
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Павлодар облысында жұмыс орнында ішімдік ішкен шенеуніктер жауапқа тартылды

  • 879
  • UPD: 22:42, 14.01.2019
Павлодар облысында жұмыс орнында ішімдік ішкен шенеуніктер жауапқа тартылды

Павлодар облысында 7 шенеунік қатаң тәртіптік жауапқа тартылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олар жұмыс барысында спирттік ішімдік ішкен. Жаңа жыл қарсаңында арнаулы органдар бірақтар мекемеге тексеру жүргізген болатын. Яғни 6 мобильдік топ облыстың барлық аудандары мен қалаларында жұмыс атқарған. Нәтижесінде заң бұзушылыққа жол берген мемлекеттік мекеме қызметкерлеріне тиісті шаралар қолданылды.

Нұржан Толыбеков, МҚІЖСЖҚ агенттігі Павлодар облыстық департаментінің бас маманы:

- Нәтижесінде осы Успен ауданындағы жұмыспен қамту бөлімінде мемлекеттік қызметшілердің ішімдік ішу фактілері анықталды және Павлодар облысының орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі инспекциясының қызметкерлерінің ішімдік ішу фактілері анықталды және осы мониторингтің нәтижесі бойынша 7 мемлекеттік қызметші қатаң тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Хабар 24 телеарнасы