389,59 429,68 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


E-gov-қа жасанды интеллект енгізіледі

  • 902
  • UPD: 13:30, 15.01.2019

Биыл елімізде электрондық форматта көрсетілетін мемлекеттік қызметтер қатары 80 пайызға дейін артады.

Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев мәлімдеді. Оның айтуынша, ағымдағы жылы 141 қызмет түрі сандық технологияға көшіріледі. Бұдан бөлек, 2021 жылы E-Gov 2.0 жүйесінен E-Gov 3.0 сатысына көтерілу жоспарланып отыр. Бұл жүйе Оңтүстік Корея, Сингапур, Ұлыбритания және Дания елдерінде кеңінен қолданылады. Осылайша, келесі жылы электрондық қызметтер көрсеткіші 90 пайызға дейін артады.

Хабар 24 телеарнасы