384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қостанайда қоғамдық көліктер электрондық билетке көшіріледі

  • 607
Қостанайда қоғамдық көліктер электрондық билетке көшіріледі

Қостанайда қоғамдық көліктер электрондық билетке көшіріледі, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бүгінде жолақы төлеудің автоматты жүйесі сынама ретінде алты маршруттық автобусқа орнатылды. Тұрғындарға арналған электрондық билеттердің бірнеше түрі шығарылады. Оқушылар үшін мектептерде үлестірілсе, ересектердің арнайы сауда орындарынан сатып алуларына болады. Ал жеңілдігі бар жандарға әлеуметтік қорғау органдары арқылы беріледі. Жоба сынақтан өткізілген соң, валидаторлар қала бойынша қатынайтын барлық автобусқа орнатылады. Айта кетерлік жайт, жол ақысын қолма-қол төлеу жүйесі сақталады.

Нұралы Есіргепов, қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің жетекшісі:

– Бұл арқылы біз тасымалдаушылар кəсіпорындарының ашықтығын, олардың қаржылық қызметін қадағалай аламыз. Осы негізде тарифті көтеру немесе төмендету қажеттілігі көрінеді. Мұның сыртында қалалық әкімдікке қандай маршруттарды субсидиялау керектігін саралау оңай болмақ.

Хабар 24 телеарнасы