420,67 511.30 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қоғам қайраткерлері Елбасы мақаласын талқылады

  • 1691
Қоғам қайраткерлері Елбасы мақаласын талқылады

Мемлекеттік тарих институты Қазақстан Республикасының «Тәуелсіздік шежіресі» атты 50 томдық тарихи-деректі еңбекті зерттеуді жалғастыруы мүмкін, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы қоғам қайраткерлері қатысуымен өткен дөңгелек үстел барысында айтылды. Көптомдық еліміз тәуелсіздік алған 1991 жылдан бастап 2001 жылға дейінгі кезеңді қамтиды. Президенттің «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласындағы инновациялық тұжырымдамалар» тақырыбында өткен жиында, ұлт тарихын жан-жақты зерттеу, жаңа идеялармен толықтыру және тарихи сананы жаңғырту мәселелері талқыланды.

Олжас Сүлейменов, Қазақстанның еңбек ері, ақын, қоғам қайраткері:

– Ел тарихы қайта зерделенуі керек. Мәселен, тарихшылар ұлт тарихын ХVIII ғасырдағы Ақтабан шұбырындыдан бастау алады деп жазады. Меніңше, бұл дұрыс емес. Қазір тарихқа деген қызығушылық артты. Әсіресе Президенттің сөзінен кейін зерттеушілер бұрын көтерілмеген тақырыптарды зерттеуге бағытталған жұмыстар жүргізеді. Сондықтан бұл мәселені біз қосымша зерттеуіміз керек.

Хабар 24 телеарнасы