386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елімізде 141 қызмет түрі электронды форматқа көшіріледі

  • 503
  • UPD: 18:44, 15.01.2019
Елімізде 141 қызмет түрі электронды форматқа көшіріледі

Бір жылда қағаз түрінде ұсынылатын 110 миллион құжат қысқарады. Яғни қағазбастылықтан арыламыз. Нәтижесінде тұрғындар сағаттап кезек күтпей, қажетті құжатына жылдам әрі оңай қол жеткізеді.

Бұдан үкіметке түсер пайда да орасан. Айталық, мемлекеттік қызмет көрсету уақыты 60 пайызға және тиісті органдар тарапынан сұралатын құжаттар екі есе қысқарады. Экономикалық тиімділік 15,7 миллиард теңге. Жалпы 2019-2020 жылдары 588 қызметті оңтайландыру көзделіп отыр.

Атап айтсақ, 141-і электронды форматқа көшірілсе, 447-сінің мерзімі қысқарады. Тіпті кейбірін жойып жіберу де жоспарда бар.

Хабар 24 телеарнасы