384.05 434.70 5.96
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордада пешке салғырт қараудан түтіннен улану деректері жиілеген

  • 667
  • UPD: 20:39, 15.01.2019

Былтыр Астанада 600-ден астам өрт болып, оның тең жартысында жеке сектордағы үйлерді от шарпыған. Тілсіз жау 10 адамның өмірін қиды. Тағы 31 азамат газға тұншыққан. Көп жағдайда қайғылы оқиғаларға зардап шегушілер өздері кінәлі болып жатады. Халық қарапайым талаптарды неге орындамайды?  

Жасын Біркенов, тілші:

- Астанадағы бір ғана Сарыарқа ауданында былтыр 202 өрт болып, тілсіз жаудың салдарынан 4 адам тіл тартпай кеткен. Улы газбен 10 азамат тұншыққан. Бірақ барлық жағдайда халықтың өзі кінәлі екен. Қарапайым өрт қауіпсіздігі ережелерін елемейді.

- Отқа жағатын отын және басқа жанатын заттар.

- Былай тұрмау керек пе сонда?

- Осылай жақын пешке тұрмау керек. 

Қуаныш Тоқсарин, Астана қаласы ТЖД Сарыарқа ауданы Төтенше жағдайлар басқармасының бастығы:

- Адамдар дұрыс қолданбайды пешті. Соның себебінен өрт шығады. Және улы газбен уланады адамдар. Мұржаларына қарау керек. Пештің тесіктеріне дегендей. Сол тесіктерінен улы газ шығып, адамдар тұншығуы мүмкін. 

Жасын Біркенов, тілші: 

- Жыл сайын жылыту маусымы алдында төтенше жағдайлар қызметінің қызметкерлері үй аралап, қысқа қамдансын деп, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізеді. Ақиқатын айту керек, бұл оңбаған іс. Осы жігіттердің оң жұмысын бас бармақпен бағалап отырғандар аз. Солай ма? 

Нұртас Бердәулетов, Астана қаласы ТЖД Сарыарқа ауданы Төтенше жағдайлар басқармасының аға инженері:

- Әрине солай. Біз қойған мақсатымызға жете алмаймыз. Себебі көп адам есік ашпайды. Есік ашса тыңдамайды. Есік жабады. Енді орысша айтқанда наша работа благородная, но не благодарная. 

- Көрдіңіз бе, осылай кей үйде иттер болады. Кіре алмаймыз.

- Агитация өткізіп жүрміз.

- Не?

- Агитация өткізіп жүрміз.

- Қандай агитация?

- Печное отопление бойынша.

- Нет. 

Қуаныш Тоқсарин, Астана қаласы ТЖД Сарыарқа ауданы Төтенше жағдайлар басқармасының бастығы:

- Адамдарға айтамыз, біз тексерумен келген жоқпыз. Біз айыппұл салмаймыз деп келеміз. Біз тек үгіт-насихат, түсіндірме жұмыстарын жүргіземіз деп, келеміз әрқашан да. Жадынама беріп, пештің қалай қолдану керектігін. Сондай ережелерді жеткіземіз адамдарға. 

Жасын Біркенов, тілші:

- Жыл басынан бері Сарыарқа ауданы бойынша 4 адам улы газбен уланған. Бұл енді ресми тіркеуге алынғандары. Ал бір ғана өткен жексенбінің өзінде тағы жеті адам тұншығыпты. Ал мынау нөмірі бірінші қалалық ауруханың токсикология бөлімінде дәл қазір улы газбен уланған 8 науқас жатыр. 

Қанат Аушакимов, № 1 қалалық аурухананың токсикология бөлімінің меңгерушісі:

- Газбен улану адамның денесіне өте қауіпті. Ең бірінші кезекте адамның бас миына зақым келтіреді. Егер уақытында көмек көрсетпесе, ауыр халге соғуы мүмкін.

- Яғни комаға түсуі мүмкін бе?

- Комаға түсуі мүмкін. Егер де дұрыс және уақытында көмек көрсетілмесе, науқас қайтып кетуі мүмкін. 

Қарапайым ережені елемей, өрт қауіпсіздігіңізге салғырт қарадыңыз делік. Төтенше жағдай болғанда мына ақыл-кеңеске құлақ түріңіз. 

Нұртас Бердәулетов, Астана қаласы ТЖД Сарыарқа ауданы Төтенше жағдайлар басқармасының аға инженері:

- Егер адам байқамай қалса, бір-екі минутта улы газ өлтіруі мүмкін. Сол себептен сулы шүберекпен мұрынды жауып, үйден шығып кетуі керек. Сосын 103 нөміріне хабарласу керек. 

Улы газбен уланудың енді бір себебі - жағатын көмірдің сапасыздығы. Яғни мұндай отынның салдарынан үйдің іші бықсып, қара түтінге оранады екен.

Авторлары: Ж.Біркенов, Ж.Битабаров

Хабар 24 телеарнасы