384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жамбыл облысында заңсыз салынған кәсіпкерлік нысандар анықталды

  • 607
  • UPD: 21:07, 15.01.2019
Жамбыл облысында заңсыз салынған кәсіпкерлік нысандар анықталды

Жамбыл облысында заң талаптарына сай келмейтін 32 кәсіпкерлік нысан анықталған. Олардың 20-сы Тараз қаласында орналасқан.

Жергілікті билік өкілдерінің айтуынша, бұлардың барлығы заңсыз құрылыс жүргізгендер. Солардың бірі  - Желтоқсан және Қазыбек би көшелерінің қиылысында қызыл сызықтан өтіп, заңсыз сауда павильонын салған кәсіпкер. Қаланың бас жоспарына сәйкес бой көтеретін құрылыс нысандары көшенің орта сызығынан 30 метр қашықтықта болуы тиіс. Ал бұл сауда орны бес метр жерде орналасқан. Заңсыз салынған нысан сол маңайдағы көп қабатты тұрғын үй иелерінің жүріп тұруына да кедергі келтірген. Тұрғындардың арыздануымен, бұл мәселе сотта қаралып, құрылыс нормаларының сақталмағаны дәлелденді. Қазір атқарушы орган өкілдері сауда орнын бұзып жатыр.

Ержан Жолбай, қала әкімі аппаратының бөлім басшысы:

- Бұл жерде 20 шақты сауда нүктелері орналасқан, бұл нысан қызыл сызық нормасын бұзып салынғанымен қатар бастапқыда берілгені нысаналы мақсатына сәйкес емес салынған, яғни бастапқыда жеңіл құрылымдардан салу керек еді алайда жергілікті атқарушы органдарға ескертпестен ауыр монолиттік бетон  құрылымынан салған.

Хабар 24 телеарнасы