419,66 501.30 5.64
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қарағанды облысында инвесторлардың фронт кеңсесі ашылды

  • 1138
  • UPD: 04:33, 16.01.2019
Қарағанды облысында инвесторлардың фронт кеңсесі ашылды

Қарағандыда инвесторлар үшін фронт кеңсе ашылды. Енді шетелдік бизнесмендермен барлық келісім осында жасалады.

Жаңа диалог алаңы Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығында орналасқан. Мұнда Ресей, Қытай, Германия, Австрия, Чехия және Бельгиядан делегациялар жиі келеді. Бизнеске осындай қолайлы жағдай жасау арқасында өткен жылы Қарағанды облысына құйылған инвестиция көлемі 470 млн теңгеге жеткен. Соның қырық пайызы шетелден құйылған қаражат. Бүгінде өңірде инвестор көмегімен 17 жоба сәтті жүзеге асырылуда.

Сергей Барон, инвестор /РФ/:

- Біз қазір ҚР Денсаулық сақтау министрлігімен онкологиялық ауруға шалдыққан науқастарға жағдай жасауды талқылап жатырмыз. Осы мақсатта жыл соңына дейін жаңа диагностикалық орталық ашуды көздеп отырмыз. Бұл жоба мемлекеттік-жекеменшік әріптестік негізінде жүзеге асады. Бұл жобаға қатысу үшін әкімшілікпен екі жақты меморандумға қол қойдық.

Хабар 24 телеарнасы