383,01 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Вокзалда «бомба қойылды» деп жалған ақпарат таратқан қостанайлық әйел жауапқа тартылды

  • 419
  • UPD: 10:28, 16.01.2019
Вокзалда «бомба қойылды» деп жалған ақпарат таратқан қостанайлық әйел жауапқа тартылды ptzgovorit.ru

Желіде вокзалға «бомба қойылған» деп жалған ақпарат таратқан Қостанай тұрғынына қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қостанай облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Тергеп-тексеру нәтижелеріне сәйкес, жұмыссыз жүрген Қостанай тұрғыны WhatsApp мессенджері арқылы теміржол вокзалына «бомба қойылып», оның жойылғаны туралы аудиохабарлама таратқан. Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды», – делінген хабарламада. Енді әйел жалған ақпарат таратқаны үшін заң алдында жауап береді. Полиция қызметкерлері бұқаралық құралдары немесе телекоммуникация желілерінде көрінеу жалған ақпарат тарату үш мың АЕК-ке дейінгі мөлшерде (7 575 000 млн – ред.) айыппұл салу, 82 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту, үш жылға дейін бас бостандығын шектеу немесе сол мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі қылмыстық жазаға әкеп соқтыратынын ескертеді.

Хабар 24 телеарнасы