386,80 431,60 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Еліміздің басым бөлігінде жылы ауа райы сақталады

  • 624
  • UPD: 14:51, 16.01.2019
Еліміздің басым бөлігінде жылы ауа райы сақталады BNews.kz

Синоптиктер 17-19 қаңтарға арналған ауа райы болжамын жариялады.

«Қазгидрометтің» болжамы бойынша еліміздің басым бөлігінде жауын-шашынмен өтетін тұрақсыз ауа райы сақталады. Республиканың кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын, жел күшеюі мүмкін.

Иран аймағынан Қазақстан территориясына жылы ауа массаларының енуінен, барлық аймақтарда 5...15 градусқа климаттық нормадан жоғары ауа температурасы сақталуда. Соған қарамастан алдағы үш тәулікте оңтүстік циклонымен республиканың солтүстік жартысында қар, бұрқасын, оңтүстік жартысында – жаңбыр, жылбысқы қар, көктайғақ және тұман күтіледі, бұрынғыдай нормадан жоғары ауа температурасы сақталады.

Хабар 24 телеарнасы