424,94 504.55 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Түркістан облысында жабайы қабан аулаған браконьер қолға түсті

  • 1347
  • UPD: 11:52, 16.01.2019
Түркістан облысында жабайы қабан аулаған браконьер қолға түсті

Түркістан облысында табиғат қорғау полициясы Арыс ауданында арнайы рейдтік іс-шаралар барысында заңсыз жабайы аңдарды аулаған браконьерді қолға түсірді.

Оның көлігін тінту барысында аң аулау қаруы мен оқ-дәрі, пышақ және 30 келіге жуық жабайы қабан еті тәркіленді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Барлық жағдайды анықтау үшін күдікті полиция бөліміне жеткізілді. Осы жәйтке қатысты Қылмыстық кодекстің 337 бабы «Заңсыз аңшылық» бабымен іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеруге тіркелді. Қазіргі таңда браконьерлік дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Арыс аудандық жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері жедел-алдын алу шаралары кезінде сондай-ақ 4 экологиялық қылмыс және 40 әкімшілік құқықбұзушылық дерегін әшкереледі. Аталған заңбұзушылықтардың 10-ы аң аулау және жануарлар дүниесін пайдалану ережесінің талабын, 17 балық аулау ережесін және 16-сы басқа да табиғат қорғау заңнамасы аясындағы құқықбұзушылықтар болып отыр. Осы деректер бойынша тұрғындарға енгізілген жалпы айыппұл көлемі 250 мың теңгені құраған.

Хабар 24 телеарнасы