387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордаға 5040 тонна көмір жеткізілді

  • 452
  • UPD: 14:12, 16.01.2019
Елордаға 5040 тонна көмір жеткізілді 7kun.kz

15 қаңтардағы жағдайға сәйкес елордадағы қатты отынның жалпы қоры 12 896,13 тоннаны құрайды, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

15 қаңтарда елордаға 5040 тонна көмір әкелінген. Оның 140 тоннасы – «Богатырь көмір», 4550 тоннасы – «Майкөбе», 350 тоннасы – «Қаражыра»  көмірі.

Астанадағы көмір бағасы мынадай: «Шұбаркөл» тоннасы – 11300 теңге, «Қаражыра» тоннасы – 13 200 теңге, «Майкөбе» тоннасы – 12 000 теңге, «Богатырь көмірі» тоннасы – 9000 теңге, «Кузнецкий» тоннасы – 12250 теңге. Астана қаласының отын-энергетикалық кешені және коммуналдық шаруашылық басқармасы баға өсімінің алдын алу үшін көмір сатушылармен меморандумдарға қол қойды.

2018 жылдың 1 тамызынан 2019 жылдың 3 қаңтарына дейін Астанаға жеткізілген көмірдің жалпы көлемі 339,5 мың тоннаны құрайды. Қазіргі таңда қалада көмірге қатысты жағдай тұрақты, проблемалы мәселе жоқ. Нарықтағы көмірге қатысты жағдайды Астана қаласының әкімдігі күн сайын мониторингтен өткізіп, өзінің тұрақты бақылауына алған. iКомек орталығының базасында тұрғындар үшін арнайы жедел желі жұмыс істейді.

Хабар 24 телеарнасы