384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақмолалықтар МӘМС қорына 4 жарым млрд теңгеден астам қаржы аударған

  • 399
Ақмолалықтар МӘМС қорына 4 жарым млрд теңгеден астам қаржы аударған

Ақмолалықтар міндетті әлеуметтік-медициналық сақтандыру қорына 2017 жылдан бері 4 жарым млрд теңгеден астам қаржы аударған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оның 3,3 млрд теңгесі өткен жылдың үлесінде. Осылайша жұмыс берушілердің медициналық сақтандыру қорына жарна аудару белсенділігі артып келеді. Ал жалпы еліміз бойынша аталған қордың түсімі 24 процентке көбейген. Айта кетейік, жарнаны уақытында төлемегендер заңмен қудаланып, оны өсімімен беруіне тура келеді. Қазір Ақмола облысындағы медицина мекемелері аталған қормен жұмыс істеуге әзірлік жүргізіп жатыр. Ал аймақта бүгінде ондай 56 медициналық нысан бар.

Нұрлан Ақылбеков, МӘМСҚ филиалының директоры:

– Егер Астана және Алматы қалаларын алатын болсақ, олар, жарна аударудан көшбасшы саналады. Ал еліміз бойынша барлық жиналған қаражат Ұлттық банктің есепшоттарында сақталады. Ол 2020 жылдан бастап, яғни міндетті әлеуметтік-медициналық сақтандыру іске қосылған кезде айналымға шығады.

Хабар 24 телеарнасы