428,35 499,00 5.47
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қарағандыда 1200 орынға арналған мектептің құрылысы аяқталды

  • 1239
  • UPD: 15:41, 16.01.2019
Қарағандыда 1200 орынға арналған мектептің құрылысы аяқталды

Қарағандыда жаңа әлеуметтік нысандар қолданысқа беріледі, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қаланың оңтүстік-шығысында математикалық бағыттағы арнайы мектеп, жасөспірімдер мен оқушылар сарайы бой көтереді. Кеншілер шаһарының дәл осы ауданын жаңаша түлетуді Елбасы өңірге барған қызметтік сапарында тапсырған болатын. Қазір 1200 орынға арналған мектептің құрылысы аяқталды. Енді сырты әрленіп жатыр. Оқу мекемесі барлық заманауи талаптарға сай жабдықталған. Енді қаладағы екінші оқушылар мен жасөспірімдер сарайының құрылысы басталмақ. Оған күніне 3500 бала келіп, түрлі үйірмелерге қатысуға мүмкіндік алады. Айта кету керек, ғимараттың бас жоспарында 50 метрлік бассейн де бар. Бұл әлеуметтік нысандар тапсырылған кезде Оңтүстік-шығыс ауданындағы халық сұранысы толық қанағаттандырылады.

Жақсылық Шалабеков, қалалық құрылыс бөлімінің басшысы:

– Бұл жаттығу залы және үлкен бассейні бар әмбебап ғимарат болады. Балалар жаттығудан соң суға түсіп, шынығады. Жоба бойынша түрлі жарыстар өткен кезде жанкүйерлерді жайғастыру үшін 500 орындық арнайы орын да қарастырылған.

Хабар 24 телеарнасы