386,83 431,60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Еліміздің екі облысында дауылды ескерту жарияланды

  • 461
  • UPD: 17:24, 16.01.2019
Еліміздің екі облысында дауылды ескерту жарияланды МИА «Казинформ

Синоптиктер еліміздің екі облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту жариялады.

«Қазгидромет» РМК болжамы бойынша Қызылорда және Ақтөбе облыстарында қатты жел соғады.

Қызылорда облысының кей жерлерінде 17 қаңтарда таңертең және күндіз оңтүстік-шығыстан, шығыстан секундына 15-20 метр, 18-19 қаңтарда екпіні секундына 23 метр жел күтіледі.

17 қаңтарда Ақтөбе облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын болады, оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні секундына 15-20 метр күтіледі. Күндіз кей жерлерінде тұман түседі.

Осыған дейін синоптиктер алдағы үш тәулікте оңтүстік циклонымен республиканың солтүстік жартысында қар, бұрқасын, оңтүстік жартысында - жаңбыр, жылбысқы қар, көктайғақ және тұман күтіледі, бұрыңғыдай нормадан жоғары ауа температурасы сақталатынын хабарлаған болатын.

Хабар 24 телеарнасы