378,62 431.00 6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Астанада православ христиандарының суға шомылу рәсімі қайда өтеді?

  • 439
  • UPD: 18:05, 16.01.2019
Астанада православ христиандарының суға шомылу рәсімі қайда өтеді?

Қаңтардың 18-нен 19-на қараған түні православ христиандарының мұздай суға шомылу рәсімі басталады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Биыл Астанада шомылу рәсімі екі жерде өтеді. Олар Гранд Алатау тұрғын үй кешені маңында және Самал шағын ауданында. Есіл өзенінде арнайы бекітілген мұз ойықтары маңында құтқарушылар мен дәрігерлер кезекшілік ететін болады. Айта кетейік, жыл сайын мереке кезінде елордада 25 мың адам мұздай суға түседі. Суға сүңгіген сәтте температураның күрт өзгеруінен адамның тынысы тарылып, талып қалуы мүмкін. Сондықтан мамандар ойықта 1 минуттан артық тұрмауға кеңес береді. Сондай-ақ мереке қарсаңында құтқарушылар суға түсу ережелерімен таныстырып, дайындық шараларымен бөлісті.

Дархан Смағұл, құтқарушы:

– Біріншіден балаларға және егде жастағы адамдарға суға түспеуге кеңес береміз. Екіншіден суға түсер алдында жаттығу жасап, денені қыздырып алу керек. Аяққа мұзда сырғанамайтын, ыңғайлы аяқ киім кию керек. Тек осы шарттарды орындағаннан кейін ғана терең тыныс алып, суға кіруге болады. Сондай-ақ судан шыққан кейін сізді құрғақ киімдермен күтіп алатын адам болғаны жөн.

Эльдор Райымбеков, төтенше жағдайлар департаменті бөлімінің бастығы:

– Осы шараға біздің департаменттің қызметкерлері, жергілікті полиция және құтқарушылар қатысады. Жалпы саны біздің департаменттен 59 адам болады, 14 арнайы техника. Сонымен бірге сүңгуір бригадасы қосымша медицина қызметкерлері де болады. Бізде 103 қызметінен 4 дана техника болады. Және де біздің апаттан құтқару медицина орталығынан да қызметкерлер болып, суға түсетін орындарын жүргізеді.

Хабар 24 телеарнасы