425.05 509.00 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Астанада мұздан жасалған мүсіндер байқауының жеңімпаздары анықталды

  • 1859
Астанада мұздан жасалған мүсіндер байқауының жеңімпаздары анықталды

Астанада мұздан мүсін жасау халықаралық байқауының жеңімпаздары марапатталды.

Бас жүлде Ақмола облысының суретшілеріне бұйырды. «Шығыс ертегісі: Астананың 101 түні» тақырыбындағы шеберлер додасында барлығы 14 команда бақ сынаған. Олардың қатарында көршілес Ресей және Қытай елдерінің суретшілері де бар. Бірегей туындылар Ботаникалық бақтың аумағында орналасқан. Мұздан жасалған мүсіндер ел тарихынан сыр шертіп, ертегілер әлеміне серуендеуге мүмкіндік береді. «Бұдан бөлек, мұндай халықаралық додалар суретшілердің өзара тәжірибе алмасуына, жастарды өнерге баулуға жол ашады», – дейді ұйымдастырушылар.

Манарбек Бұрмағанов, бас жүлде иегері:

– Халықаралық байқау болған соң жоғары деңгейде көрсетуге тырыстық. Өзіміздің елдің өнері ешкімнен кем емес. Бізде осындай таланттар бар екеніне өте қуаныштымын.

Хабар 24 телеарнасы