384,59 430.70 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Маңғыстау облысында экологиялық заң талабын бұзған компаниялар анықталды

  • 629
  • UPD: 08:04, 17.01.2019

Маңғыстау облысында экологиялық заң талаптарын бұзған 88 тұлғаға 30 миллиард теңге айыппұл салынды. Экология департаментінің қызметкерлері былтыр аймақта 56 тексеру жүргізіп, қоршаған ортаға залал келтірген компанияларды анықтады.

Заң бұзғандардың басым бөлігі мұнай мен газ өндірушілер. Оларға қатысты  142 әкімшілік іс қозғалды. Бүгінгі таңда салынған айыппұлдардың 61,4 млн теңгесі мемлекет пайдасына өндірілді. Қалған 29,7 млрд теңгені өндіру бағытындағы құжаттар заң орындарында  қаралуда

Руслан Төкенов, облыстық экология департаменті басшысының м. а:

- Өткен жылдың қорытындысымен қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат алмай, қоршаған ортаға келтірілген зияны үшін 7 мекеменің өндіріс ошақтарының қызметі сот шешімдерімен тоқтатылған. Бұл бағыттағы жұмыстар биылғы жылы да жалғасуда.

Хабар 24 телеарнасы