378,83 431.00 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтауда апта бойы еңбек даулары қаралатын орталық ашылды

  • 679
  • UPD: 11:57, 17.01.2019
Ақтауда апта бойы еңбек даулары қаралатын орталық ашылды

Ақтаудағы өңірлік кәсіподақтар орталығы ғимаратында медиация кабинеті мен татуластыру орталығы ашылды. Мұнда аптасына жеті күн өндірістік мекеме-кәсіпорында туындаған еңбек дауы қаралады.

Дауласушы тарапты медиатор, кон-фликтолог пен кәсіподақ орталығының қызметкері қабылдап, мәселенің заң жүзінде шешілуіне араласады. Қажетінше жергілікті билік өкілі мен психолог шақырылады. Былтыр облыста 1600-ге жуық еңбек дауы тіркеліп, барлығы да оң шешілді. Олардың жиырмадан астамына медиаторлар араласқан. Айта кетейік, бітімге шақыру кабинеттері осы өңірдегі бас-аяғы бес аудан мен екі қалада бар.  

Нұрсапа Примашев, облыстық азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы:

- Қазіргі кезде барлық аудандық, қалалық соттарда татуластыру кабинетті жұмыс істейді. Арнайы судьялар бар. Бұдан басқа облыстық сот университетпен бірге бірлесіп, татуластыру кабинетін ашты. Студенттер сотқа дейінгі татуласу рәсімдерінің қандай қажет екенін күнделікті оқуында түсініп, білім АЛЫП ЖАТЫР.

Киікбай Жаулин, облыстық кәсіподақтар орталығының төрағасы:

- Қазіргі таңда бізде еңбек даулары азайып келе жатыр. 2017-2018 жылдардағы статистикаға қарайтын болсақ, 25-30 пайыздай төмен. Барлығын бірдей шештік деп айтуға болады. Себебі, біздің облыс әкімдігімен де меморандум бар.

Хабар 24 телеарнасы