389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Тәжікстан азаматтары елімізде 30 күнге дейін тіркеусіз жүре алады

  • 513
  • UPD: 11:47, 17.01.2019
Тәжікстан азаматтары елімізде 30 күнге дейін тіркеусіз жүре алады

Қазақстан азаматтары Тәжікстанда, тәжікстандықтар қазақ елінде 30 күнге дейін тіркеусіз жүре алады. Бұл туралы Парламент Сенатының жалпы отырысында ҚР Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов мәлімдеді.

Атап айтсақ, отырыста «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Тәжікстан Республикасының Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасы азаматтарының Тәжікстан Республикасының аумағында және Тәжікстан Республикасы азаматтарының Қазақстан Республикасының аумағында болу тәртібі туралы келісімді ратификациялау туралы» ҚР Заңы қабылданды.

Хабар 24 телеарнасы