386,04 428,90 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қалмұханбет Қасымов инспекторды құтқаруға неліктен көп уақыт кеткенін түсіндірді

  • 656
  • UPD: 11:47, 17.01.2019
Қалмұханбет Қасымов инспекторды құтқаруға неліктен көп уақыт кеткенін түсіндірді Экспресс К

ҚР Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов жарақат алған «Охотзоопром» инспекторын құтқаруға неліктен көп уақыт кеткенін түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Айта кетейік, бұқаралық ақпарат құралдарында жарақат алған инспекторды ауруханаға жеткізуге көп уақыт кетті деген ақпарат тараған болатын. Осы орайда тілшілер тарапынан «табиғат қорғау инспекторларын ауруханаға авиациямен неге тасымалдамады?» деген сауал қойылды.

«Қылмыскерлер оқиға орнынан қашқан кезде инспектор көлігінің кілтін алып кеткен және олардан новигаторды тартып алған. Сондықтан инспекторлардың екінші көлігі жарақат алғандарды бірден таба алмады. Осы орайда соққыға жығылған инспекторды ауруханаға жеткізгенше, біраз уақыт кетті. Күн райына байланысты тікұшақты әуеге көтере алмадық. Яғни ТЖ тікұшағын пайдалана алмадық, себебі қолайсыз ауа райына байланысты бізге рұқсат берілмеді», - деді министр Сенатта тілшілер сауалына жауап бере отырып.

Оның сөзіне қарағанда, Қарағанды облысында «Охотзоопром» инспекторының өліміне қатысты адам өлтіру бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Еске сала кетсек, министр бұл қылмысқа қатысты деген күдікпен Қызылорда облысының тумалары іздестіріліп жатқанын мәлім еткен болатын.

Бұдан бұрын хабарланғандай, осыдан бірнеше күн бұрын 5 киік атқан браконьерлермен қақтығыста ауыр жарақат алған «Охотзоопром» ӨБ» РМҚК инспекторы Ерлан Нұрғалиев 15 қаңтарда қайтыс болған еді.

Хабар 24 телеарнасы