388,95 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Маңғыстау облысында табиғат ресурстарын пайдалану қызметтері цифрландырылады

  • 916
  • UPD: 15:02, 17.01.2019
Маңғыстау облысында табиғат ресурстарын пайдалану қызметтері цифрландырылады

Маңғыстау облысында «Ағаш кесуге рұқсат алу мен жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсат беру» қызметтері алдағы айдан бастап электронды форматқа көшеді.

Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте сала басшысы  мәлімдеді. Аталған бағытты цифрландыру жұмысы мемлекеттік қызметтің ашық болуына ықпал етеді. Әрі тұрғындар мен жауапты қызметкерлердің уақытын үнемдеп, жұмысын жеңілдетеді. Жалпы биылдан бастап табиғи ресурстар басқармасындағы хат алмасу ісі 100 пайыз электронды түрде жүргізіледі.

Дүйсен Құсбеков, облыстық табиғи ресурстар, табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы: 

- Цифрландыру бағытымен біраз жұмыстар жасалып жатыр. Ол геопарктар арқылы біздің сайтқа кез-келген Маңғыстау облысының тұрғыны кіріп, толықтай ақпарат алатын болады.

Хабар 24 телеарнасы